Сауд Арабиясы Иранға тағы айып тақты
Сауд Арабиясы үкіметі бейсенбі күні ИИР-ға қарсы айыптар тағуды жалғастырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, осы елдің мұнай зауыттарына шабуылда Иранның қару-жарақтары пайдаланылғанын айтты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясы үкіметі бұл хатта БҰҰ мен халықаралық сарапшыларды осы шабуылдың егжей-тегжейін тексеріп, зерттеуге атсалысуға шақырды.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі де дүйсенбі күнгі бір мәлімдемесінде осы елдің мұнай зауыттарына ирандық қару-жарақтармен шабуыл жасалғанын айтты.
Саудиялықтардың Иранға қарсы негізсіз айыптары мен уәждері Йемен Қарулы күштерінің бір мәлімдемеде Сауд Арабиясының мұнай зауыттарына шабуылды өз мойнына алған жағдайында айтылып жатыр.