Ирандық режиссер Түркия фестивалінің «Үздік фильм» номинациясына ие болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i43644-Ирандық_режиссер_Түркия_фестивалінің_Үздік_фильм_номинациясына_ие_болды
Ирандық режиссер Мәһди Заманпур "Асак" фильмімен Түркияда "Алтын шафран" халықаралық деректі фильмдер феcтивалінің жиырмасыншы кезеңінің «Үздік фильм» сыйлығын иеленді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 30, 2019 18:32 Asia/Almaty
  • Ирандық режиссер Түркия фестивалінің «Үздік фильм» номинациясына ие болды

Ирандық режиссер Мәһди Заманпур "Асак" фильмімен Түркияда "Алтын шафран" халықаралық деректі фильмдер феcтивалінің жиырмасыншы кезеңінің «Үздік фильм» сыйлығын иеленді.

"Асак" –  Иранның оңтүстік халқының жергілікті тілінде кішкентай қол диірменді білдіреді. Фильмнің сюжеті тастарды қолымен ұстап, дәмін тату арқылы өзіне қажет тасты тауып шығаратын Иранның оңтүстігінде өмір сүретін қарт ер адамның оқиғасына құрылған. Ол қол ара мен шаппа шот сынды құралдармен нан пісіретін тас пен келі жасап, соларды сатып, күн көреді.