Түркия армиясының күштері Сирияның солтүстігіне шабуыл жасады
(last modified Tue, 08 Oct 2019 08:13:10 GMT )
Қаз 08, 2019 14:13 Asia/Almaty
  • Түркия армиясының күштері Сирияның солтүстігіне шабуыл жасады

Сирия дереккөздері халықаралық ескертулерге қарамастан Түркия армиясы күштерінің Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасаке шекара провинциясындағы Телль-Тавил аймағына шабуыл жасағанын хабарлады.


Сирия телеарнасы дүйсенбі күні: «Түркия күштері қарулы күштерді басуды сылтауратып, Сирияның солтүстік-шығысындағы Телль-Тавил аймағына бірнеше жерден шабуыл жасады»,- деп хабарлады. Бұл дереккөзі сондай-ақ Түркия әскери ұшақтарының Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасаке   провинциясындағы аймақтарға әуе  шабуыл жасағанын да хабарлады. Түркия күштерінің дүйсенбі күнгі шабуылдарының ықтималы шығындары туралы мәлімдеме жарияланған жоқ. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини Түркия армиясы күштерінің Сирияның солтүстік-шығысына жасаған шабуылына реакция білдіріп, бұл әрекеттің Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу талпыныстарын қатерге тірейтіні туралы ескерту жасады. Бұдан бұрын Ресей мен Еуроодақ Анкара басшыларының   Сирияның солтүстік-шығысына шабуыл жасау шешіміне реакция білдіріп, Түркияның кез келген жағдайда Сирияның территориялық тұтастығын құрметтеуге міндетті екенін қуаттаған болатын.

 

 

 

Тегтер