Түркия күштері Сирия жеріне шабуыл жасайды
(last modified Wed, 09 Oct 2019 09:42:26 GMT )
Қаз 09, 2019 15:42 Asia/Almaty
  • Түркия күштері Сирия жеріне шабуыл жасайды

Түркия үкіметі қарулы күштерінің «Сирияның азат армиясы» күштерімен жақында Сирия шекарасынан өтетінін хабарлады.

Спутник агенттігінің мәліметі бойынша Түркия Президентінің қоғаммен байланыс кеңсесінің басшысы Фахреддин Алтун: «Сирияның халық қорғаушылары бірліктерінің екі жолы ғана бар: қашу немесе Түркия армиясы олардың ДАИШ лаңкестік тобын жою талпыныстарына кедергі жасауына тосқауыл қояды»,- деді.

Түркия армиясы сейсенбі күні Сирия шекарасында орналасқан өз бірліктеріне жаңа қару-жарақ жіберді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде Сирияның солтүстігінде қауіпсіз аймақ пен бейбітшілік өткелін құру мақсатында Евфраттың шығысында  әскери әрекеттерді дайындап жатқанын хабарлады.

 

 

Тегтер