Евфраттың шығысына Түркия жасаған шабуылды Сирияның көзқарасы бойынша сараптау
(last modified Thu, 10 Oct 2019 12:16:28 GMT )
Қаз 10, 2019 18:16 Asia/Almaty
  • Евфраттың шығысына Түркия жасаған шабуылды Сирияның көзқарасы бойынша сараптау

Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған басқыншылығы Дамаск Үкіметі мен сириялық күрд топтарының наразылығымен бетпе бет келді.

Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған қазанның тоғызы күні Сирияның солтүстігіне шабуыл жасауға бұйрық берді. Алғашқы сағаттарында-ақ ондаған адам қаза тауып, көп адам жараланды. Түркияның бұл әрекеті Сирия Үкіметі мен сириялық топтардың реакциясымен бетпе-бет келді.
Егер Түркия Үкіметі Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылдың негізгі мақсатын күрд әскери жасағымен күрес деп атағанымен бұл шабуылдың басқа да мақсаттары бар. Түркияның саяси мәселелері бойынша сарапшы Ғаем Мағами бұл туралы былай дейді: «Елдің солтүстігіне Сирия армиясының кіруіне тосқауыл жасап, бұл аймақты Сирия азат армиясына тапсыру - Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылының негізгі мақсаттарының бірі».

Маңызды жайт, Сирия Үкіметі мен сириялық топтардың реакцияларында. Сирия Түркия Үкіметінің әрекетін маңызды салдарлары болатын шапқыншылық деп атады.

Сирия Үкіметінің көзқарасы бойынша Сирия туралы Астана келіссөздері үдерісін тоқтату мен Идлиб облысындағы Түркияның рөлінің аяқталуы, сонымен қатар Сирия мен Түркия армиялары арасында қақтығыстың орнауы Анкараның Евфраттың шығысына жасаған шабуылының маңызды салдарлары болады. Шын мәнінде, Сирия Үкіметі бұл шабуылды Түркия мен Америка тарапынан Идлибті азат ету амалдары мен Астана үдерісіне әсер ету үшін жоспарланған қастандық деп санайды.  

Сирия күрдтерінің топтары да Түркияның шабуылына реакция білдіргенімен реакциялар әралуан болды. Кейбір күрд топтары сириялық күрдтер елдің аумақтық тұтастығы шеңберінде әрекет етіп, Сирия армиясынан елдің солтүстігіне енуді сұрап, солтүстік аймақтарды Түркияның шабуылдарынан қорғап, бұл шабуылға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінуі керек деп санайды.

Шын мәнінде, Сирия күрдтерінің кейбір топтары Американың күрдтер туралы саясатын, соның ішінде Сирияның шабуылы алдында оларды қолдамауын байқап, Сириядан іргені аулақ салудың күрдтер үшін ауыр салдарлары болатыны туралы қорытындыға келді. Сирия Үкіметі де күрдтердің бұл ұстанымын құптап, Түркияның Сирияның аумақтық тұтастығына жасаған шапқыншылығын айыптап, күрдтерді осы ел халқының маңызды бөлігі, Орталық Үкіметтің қолдауына ие деп атап, күрдтерден де Сирия жүйесінің заңдары аясында әрекет етуды сұрады.

Кейбір күрд топтары, соның ішінде Сирия Демократия күштеріне қарасты әскери жасақ та тіпті Сирия Үкіметінің көмегінсіз де Түркияның шабуылдары алдында қорғаныс әлеуетіне иеміз деген уәж айтты.

Жалпы алғанда Американың рұқсатымен Түркияның Сирияның солтүстігіне басқыншылығы Сирия мен осы елдің егемендігіне қарсы жасалған әрекет саналып, Сириядағы күрд топтарына қатысты көзқарасты өзгертіп, олардың заң мен осы елдің аумақ тұтастығы аясында әрекет етуіне себеп болады.

 

Тегтер