Түркияның Сирияға шабуылы салдарынан 100 мың адам босқынға айналды
(last modified Sat, 12 Oct 2019 10:38:34 GMT )
Қаз 12, 2019 16:38 Asia/Almaty
  • Түркияның Сирияға шабуылы салдарынан 100 мың адам босқынға айналды

БҰҰ жұма күнгі мәлімдемесінде Түркия армиясының Сирияның солтүстігіне шабуылы салдарынан осы күнге дейін 100 мың адамның босқынға айналғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ өз мәлімдемесінде Түркия армиясының Сирияның солтүстігіне шабуылының салдарлары жайлы ескерту жасап: "Сирияның Хасака қаласындағы бір СЭС істен шықты. Бұл станса қаладағы 400 мың адамды тұщы сумен қамтамасыз етіп отырған болатын",-деп мәлімдеді.

Бейсенбі күні 14 халықаралық көмек ұйымы ортақ мәлімдеме жасап, Сирияның солтүстігінде шабуылдар мен қатігездіктердің күшеюінің жәрдем беру жұмыстарының тоқтауына соқтыру мүмкіндігін хабарлады.

Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы да жұма күні Сирияның Тале-Абиз және Рас-эль-Айн ауданында 70 мыңнан аса адамның босқынға айналғанын хабарлады.  

 

Тегтер