Асад: Сирия Түркия армиясының шабуылдарына жауап береді
(last modified Fri, 18 Oct 2019 12:44:21 GMT )
Қаз 18, 2019 18:44 Asia/Almaty
  • Асад: Сирия Түркия армиясының шабуылдарына жауап береді

Сирия Президенті Түркия армиясының елінің солтүстік-шығысына жасаған шабуылдарына қатысты сөзінде Сирияның Түркия армиясының шабуылдарына жауап беретінін мәлімдеді.

Сирия Президенті Башар Асад бейсенбі күні Дамаскта Ирактың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Фалах әл-Файязбен кездесуінде: "Сирия заңды жолдар арқылы Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылдарына жауап береді",-деді. Асад Түркия армиясының Сирияның солтүстік-шығысына шабуылдарын әшкере басқыншылық деп атады.

Түркия армиясы ел Президенті Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығымен Сирия күрдтерімен (ППК) күресу және қауіпсіздік мәселелерін жою мақсатында Сирияның солтүстік-шығысына шабуыл жасады.

Түріктердің пайымдауынша, Түркия мен Сирияның шекаралары қауіпті. Бұл мәселені шешу үшін әскери әрекет жасау күн тәртібіне қойылды.  Лаңкестердің Түркия мен Сирия шекаралары арқылы қатынауы және күрдтердің тарихи алаңдаушылық тудыруы Түркияның Сирияға қатысты көтерген екі негізгі мәселе болып отыр.

Күрдтер мәселесі ондаған жылдар бойы қарастырылып келеді. Лаңкестердің қатынау мәселесін шешу үшін бұдан бұрын шара ойластырылған. Түркия мен Сирия арасындағы "Адана" келісімі – Түркияның күрдтерге және екі елдің шекараларындағы тынышсыздыққа қатысты алаңдаушылықтарын жоюдың ең жақсы шешімі.  

Түркия мен Сирияның екі ел шекараларында лаңкестермен күресу үшін бірлесе әрекет етуін барлық ел, соның ішінде ИИР мен Ресей қолдап отыр. Сондай-ақ, осы жолда қадам жасау Түркияның қиындықтарын шешудің ең жақсы тәсілі болады.

Осы аяда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні телефон арқылы сұхбатта Дамаск пен Анкара және Сирия басшылары мен күрд өкілдері арасында диалог өткізу қажеттігін қуаттап, Теһран мен Мәскеудің осындай байланыстарды ұйымдастыруға әзірлігін мәлімдеді.

Зариф, сондай-ақ, Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем және Ирак Сыртқы істер министрі Мұхаммадәли әл-Хакиммен Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдай жайында телефон арқылы сұхбаттасты. Үш елдің жауапты тұлғалары Сирияның ұлттық егемендігіне құрметпен қарап, аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қуаттады.

Халықаралық деңгейде ресми түрде танылған тәуелсіз бір мемлекеттің территориясында сол ел үкіметінің рұқсатынсыз біржақты негізде лаңкестермен күресуге кірісу Түркияның алаңдаушылықтарын жоюға көмектеспейтінімен қатар аймақта дағдарыстың артуына себеп болады.

Барлық ел лаңкестікпен күресуді қалайды. Бұл салада Сирия үкіметі халықаралық қауымдастықтың көмегіне мұқтаж. Түркия үкіметі бұл шараны Сирия армиясымен бірге атқаруы керек.

Сирияның орталық үкіметінің маңызды рөліне көңіл аударылғанда ғана Түркия мен Сирия шекараларында тұрақты қауіпсіздік орнайды. Башар Асад үкіметінің келісімінсіз қандай да бір шешім жолын қолдану Сирияның ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығына көңіл аудармау болып табылады. Анкара, Теһран мен Мәскеу "Астана үдерісі" атты келіссөздер барысында Сирияның ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудың маңыздылығын сан рет баса айтты.

 

Тегтер