Ливанда жетпіс наразы қамауға алынды
(last modified Sat, 19 Oct 2019 13:12:29 GMT )
Қаз 19, 2019 19:12 Asia/Almaty
  • Ливанда жетпіс наразы қамауға алынды

Ливандық дереккөздері елдегі митингтерде жетпіс наразының қамауға алынып, көптеген адамның жараланғанын хабарлады.

 

Ливанның Аnnahar газетінің порталы қауіпсіздік көздеріне сілтеме жасап, Ливан қауіпсіздік күштерінен 52 адамның жараланғаны және және 70 наразының қамауға алынғанын хабарлады. Ливанның әртүрлі қалаларында, соның ішінде астанасы Бейрутте бірнеше күннен бері Ливан Премьер-министрі Саад әл-Харири үкіметінің экономикалық саясаттарына наразылық шерулері өтіп жатыр. Ливанның Almayadeen телеарнасы сенбі күні таңертең Бейруттің көптеген жолдарының әлі жабық екенін мәлімдеді.

Ливан президенті Мишель Аун елдің Премьер-министрі Саад әл-Харири үкіметінің экономикалық саясаттарына наразылар тобымен кездесуінде халықтың қиындықтарын азайту үшін талпыныс жасайтынын қуаттады.