Иран соғысты тоқтатып, йемендік топтар арасында келіссөз жүргізуді қолдады
Иран Сыртқы істер министрі Йемен дағдарысын саяси жолмен шешіп, Ислам республикасының соғысты тоқтатып, йемендік топтар арасында келіссөз жүргізуді қолдайтынын қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф кеше сенбі күні Теһранда Йеменнің Ансаралла қозғалысының баспасөз хатшысы Мұхаммад Абдәлсаламмен кездесуінде шамамен бес жылға созылған соғыс пен қоршау салдарынан Йеменнің ауыр жағдайға ұшырағанына өкініш білдіріп, қарапайым халықтың қырылуы мен бұл елдің қоршауын тоқтату қажеттігін қуаттады. Зариф кездесуде Иранның Йеменге гуманитарлық көмек жіберуге дайын екенін жариялады.
Мұхаммад Абдәлсалам ИИР-ның Йемен халқына көрсетіп отырған қолдауына ризашылық білдіріп, Йеменнің қазіргі жағдайы және бұл елдің дағдарысын саяси жолмен шешу саласындағы перспективалар мен гуманитарлық жағдайы жөнінде Иран Сыртқы істер министрімен ақылдасты.