Зариф: "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтау үшін келіссөз жүргізу қажет
ИИР Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау туралы келіссөз жүргізу жолының ашық екенін айтып: "Иран ядролық келісім бойынша құқықтарының бұзылуына байланысты өз міндеттемелерін қысқарту жолында төртінші қадам жасады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Түркияға келіп түскенде тілшілерге берген сұхбатта: "Теһран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында қадам жасап, АҚШ-тың міндеттемелерді бұзу жайттары және еуропалықтардың кемшін тұстарына жауап бере отырып, келіссөздерді жалғастырады",-деді.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Түркияға барған Зариф отырыста Теһранда бекітілген ұйымның реформалары мен 2025 жылға дейінгі перспектива туралы пікір алмасу өтетінін айтты.