Саудиялық коалиция Йеменнің мұнайдан түсетін табысынан 7 млрд доллар ұрлады
(last modified Fri, 15 Nov 2019 12:05:12 GMT )
Қар 15, 2019 18:05 Asia/Almaty
  • Саудиялық коалиция Йеменнің мұнайдан түсетін табысынан 7 млрд доллар ұрлады

Йеменнің Мұнай және кен министрі: "Саудиялық коалиция Йеменнің мұнайдан түсетін табысынан жылына 7 млрд-тан аса доллар ұрлап отыр",-деді.

Al-Masirah ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмед Дарс бейсенбі күні: "Йеменнің Маараб облысындағы мұнай табысы күніне 700 млн йемен риалын құрайды. Бұл табыс саудиялық коалиция мен оған қарасты күштер тарапынан ұрланып жатыр.

Қазіргі мұнай өндірісі – күніне 80 мың баррель. Басқыншылар оны қара базарда сатады",-деді.  

Ахмед Дарс өткен айдың басында: "Басқыншы коалицияға мүше елдер мен олардың жалдамалылары өткен жылы Йеменнен 18 млн-нан аса баррель шикі мұнай ұрлады. Йеменнің осынша көлемдегі мұнайын сатудан түсетін табыс Сауд Арабиясының Ұлттық банкіне құйылды ",-деп хабарлады.