Асад: Сирияның жаңа Конституциясының жобасына қатысты референдум өткізу қажет
(last modified Wed, 13 Apr 2016 09:24:32 GMT )
Сәу 13, 2016 15:24 Asia/Almaty
  • Асад: Сирияның жаңа Конституциясының жобасына қатысты референдум өткізу қажет

Сирия Президенті халықтың қолдауына ие болу үшін Сирияның жаңа Конституциясының жобасына қатысты референдум өткізу қажеттігін мәлімдеді.

«Al mayadeen» телеарнасының мәліметі бойынша, Сирия Президенті Башар Асад сейсенбі күні Ресейдің парламенттік делегациясымен кездесуінде: «Жаңа Конституция Сирия халқының көпшілігінің қолдауына ие болуы қажет. Сириядағы соғыс пен елдің қоршауға алынуына біздің халықтың егемендік пен тәуелсіздік құқығына табандылық танытуы себеп болуда»,- деп қуаттады.

Башар Асад Ресейдің Сирия мен әлемдегі рөлін оң бағалап: «Ресей өз стратегиясын халықаралық заңдар, құндылықтар және негіздерге табандылық танытып, белгілейді. Лаңкестікке қарсы соғыстағы жетістіктер Сирия халқы мен әскерінің табандылығы және дос елдердің Дамаскке көрсеткен қолдауларының нәтижесі болды»,- деп баса айтты.

Сирияның парламенттік сайлауы 250 депутат сайлау мақсатында бүгін, сәрсенбі, 13-ші сәуір күні таңертең басталды.