Ирак Сыртқы істер министрі Ираннан кешірім сұрады
Ирак Сыртқы істер министрі ИИР Сыртқы істер министрімен телефон арқылы хабарласып, өз үкіметінің ирандық дипломаттар мен дипломатиялық ғимараттарды қорғауға міндетті екенін қуаттады.
Наджаф қаласындағы ИИР-ның Консулдық қызметіне шабуыл жасалғаннан кейін Ирак Сыртқы істер министрі Мұхаммадәли әл-Хаким бейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы хабарласып, Иран үкіметі мен халқынан кешірім сұрады.
Сәрсенбі күні кешке беттерін бүркеген бүлікшілер тобы Ирактағы экономикалық жағдайға наразылық білдіру ағымын пайдаланып, Наджаф қаласындағы ИИР-ның Консулдық қызметіне шабуыл жасап, оның кейбір бөлімдерін өртеді. Ирактың кейбір қалалары, соның ішінде Наджаф пен Насрие кеше кештен бері бейберекет күй кешіп жатыр.