Бағдад халқы аятолла Систаниді қолдап, шеруге шықты
Жел 06, 2019 18:14 Asia/Almaty
Ирак астанасы Бағдад халқы осы ел шиіттерінің діни тұлғаларының бірі аятолла Систанидің нұсқауларына сүйеніп, "Бүлікшілерді шығару" атты ауқымды шеру өткізді.
Al-Alam телеарнасының хабарлауы бойынша, "Бағдад әл-Яум" ақпарат сайты бір репортажда бейсенбі күні кешке қаланың Палестина көшесімен әт-Таһрир алаңына қарай жүрген шерушілердің бүлікшілерді шеруден шығару туралы ұрандар айтқанын хабарлады
Осы репортажда бұл шерудің Ирактың ең жоғары діни тұлғасы аятолла Систанидің сөзін қолдау мақсатында өткені айтылды. Ол Ирак халқын жалдамалы адамдарды анықтап, оларды бейбіт шерулерден бөлек шығаруға шақырды.
Тегтер