Иран Еуроодақтың "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау деңгейіне риза емес
(last modified Mon, 09 Dec 2019 16:36:12 GMT )
Жел 09, 2019 22:36 Asia/Almaty
  •  Иран Еуроодақтың

Иран Сыртқы істер министрі Зариф: "Иран Еуроодақ пен ұйымға мүше елдердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау деңгейіне риза емес",-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Стамбұл әуежайына келіп түскенде ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында барлық тараптардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іс жүзінде орындауы қажеттігін қуаттап: "Иран, Қытай мен Ресейдің Еуроодақ пен оған мүше елдердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау деңгейіне риза еместігі осы келісімнің комиссиясында тікелей айтылды",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Еуроодаққа мүше 6 елдің INSTEX-қа қосылғанын оң бағалап: "Болашақта бұл механизмнің орындалу мүмкіндігі зор",-деді.

Зариф, сондай-ақ, өзінің Стамбұл сапары туралы: "Түркияға сапардың мақсаты – Сыртқы істер министрлерінің "Стамбұл үдерісі – Азия жүрегі" атты сегізінші форумға қатысу. Бұл форум Ауғанстанда тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату және оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі",-деді.