Ердоған: Батыс пен араб елдерінің үнсіздігі – Израиль басқыншылығы күшеюінің себебі
Түркия Президенті батыс және кейір араб мемлекеттерінің үнсіздігін сионистік режимнің Палестина жерлеріндегі күн сайынғы қылмыстары өршуінің себебі деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Реджеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Әлеуметтік министрлерінің Стамбұлдағы отырысында Батыс пен кейбір араб үкіметтерінің сионистердің қылмыстарына шара қолданбауын сынап: «Ислам әлемі әлеуеті мен мүмкіндіктеріне сай әсер ете алмайды. Палестина секілді ислам елдерінің маңызды мәселелеріне тиісті түрде әрекет етпейді. Мұсылмандар бір-бірін сынап, бір-бірінің үстінен шағым түсірудің орнына бірігіп, ислам әлемінің мәселелері және оларды шешу жолдарын ойластырып, әрекет етуі керек»,- деді.
Түркия Президенті сондай-ақ дүйсенбі күні Стамбұлда өткен «Азия жүрегі – Стамбұл үдерісі» атты Сыртқы істер министрлердің басқосуында: «Әлемдік қауымдастық пен Ауғанстан үкіметі Ауғанстан халқы алдындағы міндеттерін орындауы тиіс»,- деді.