Башар Асад: Сирияның келешегі үміттендіреді
(last modified Tue, 10 Dec 2019 12:10:08 GMT )
Жел 10, 2019 18:10 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Сирияның келешегі үміттендіреді

Сирия Президенті Еуропаны АҚШ пен кейбір басқа мемлекеттермен бірге Сириядағы бейберекеттіктер мен тынышсыздықтардың негізгі себепшілерінің бірі деп атап, елінің келешегі үміттендіретінін айтты.

 

Сирияның ресми SANA агенттігінің мәліметінше, Башар Асад Италияның «Rai news 24» арнасына берген сұхбатында Сирия армиясының лаңкестіктерді жеңгеніне тоқталып: «Сирия қазіргі соғыстан көптеген сабақ алды әрі ел келешегінің үміттендіретініне сенімді»,- деді. Сирия Президенті ел қарсыластарының Дамаскті химиялық қаруды пайдалануымен айыптауы жөнінде: «Химиялық қаруларға байланысты қастандықтың басынан Сирия ондай қаруды пайдаланбағанын қуаттады»,- деді.

«Rai news 24» арнасы Башар Асадтың бұл сұхбатын таратудан бас тартты.

 

 

Тегтер