Ал-Хашд аш-Шааби: ДАИШ Сирия арқылы иприт газын Иракқа енгізді
(last modified Sat, 21 Dec 2019 13:16:59 GMT )
Жел 21, 2019 19:16 Asia/Almaty
  • Ал-Хашд аш-Шааби: ДАИШ Сирия арқылы иприт газын Иракқа енгізді

Ирактың халықтық ерікті күштері Ал-Хашд аш-Шааби ұйымының 44 гвардиясының қолбасшысы Хамид әл-Ясери ДАИШ лаңкестік тобының Сирия арқылы химиялық газ ипритті Иракқа енгізгенін айтты.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Хамид ал-Ясери ДАИШ тобының лаңкестердің Сирия арқылы Иракқа енетінін, өздерімен бірге иприт газын апаратынын айтып: "Ирак Армиясының Бас қолбасшылығы бұл мәселеден хабардар. Сол себепті осы топтың көзін жоятын операцияларды бастау керек", - деді.

Мұның алдында да Ирак басшылары ДАИШ тобы мүшелерінің Иракқа Сирия шекараларынан енетінін хабарлаған болатын. 

Ирактың ерікті халықтық күштері сонымен қатар Диале облысындағы ДАИШ тобының ең маңызы базаларының бірін жойғанын хабарлады.

Тегтер