Израиль: Гаага үкімі шығатын болса, күніне бір палестиналық ауыл қиратылуы тиіс
(last modified Sun, 22 Dec 2019 13:13:19 GMT )
Жел 22, 2019 19:13 Asia/Almaty
  • Израиль: Гаага үкімі шығатын болса, күніне бір палестиналық ауыл қиратылуы тиіс

Халықаралық қылмыстық сот сионистік режимнің соғыс қылмыстары туралы тексеріс жүргізуге шешім қабылдағаннан кейін осы режимнің Жол министрі Палестина автономды құрылымы Гаагаға түсірген шағымынан бас тартпаса, күніне бір ауылды қиратуды талап етті.

Израиль Жол министрі Бецалель Смотрич жексенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында Халықаралық қылмыстық сот ұстанымын жауластық сипатта деп атап: "Палестина автономды құрылымы халықаралық орталарда Израильге өте көп зиян келтіріп жатыр. Израиль бұл құрылымның көзін құртуы керек",-деді.

Смотрич сионистік режимнің Министрлер кабинетінен Палестина автономды құрылымына халықаралық шағымы мен Тель-Авивке қарсы істен бас тартуы үшін 48 сағат беруді сұрады.

Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Фато Бенсудо жұма күні сионистік режимнің Ғаза мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соғыс қылмыстары туралы тексеріс жүргізуге талпынып жатқанын хабарлады.