Ердоған Еуропаға мигранттардың жаңа легі келетінін ескертті
Түркия Президенті жексенбі күні кешке: "Еуроодақ Анкарамен әріптестік жасамаса еуропалықтар босқындардың жаңа легімен бетпе-бет келеді",-деп қоқан-лоққы жасады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған Анкараның сириялық босқындардың жаңа легін жалғыз өзі қабылдай алмайтынын айтып, Сирияның солтүстігінде текетірес күшейген соң 80 мың сириялықтың Түркияға бет алғанын хабарлады.
Түркия армиясы 9 қазанда 8 күн бойы лаңкестікпен күрес және Сирия мен Түркия шекарасын күрд содырларынан тазарту сылтауымен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығымен Сирияның солтүстігіне шабуыл жасады. Анкара үкіметі күрд күштерін лаңкес деп санайды.
Бұл әскери амалдар АҚШ үкіметінің рұқсатымен басталды.
Түркия бірнеше күн бұрын "Еуроодақ Түркияда орналасқан сириялық мигранттарға қатысты өз міндеттемелер толық орындамады. Соның ішінде Анкара үкіметіне мигранттарға көмектесу үшін уәде етілген 6 млрд еуродан тек 2 млрд 700 млн еуро ғана төледі" деп мәлімдеген болатын.