Лаңкестердің Хмеймим базасына жасаған лаңкестік шабуылы сәтсіздікке ұшырады
(last modified Tue, 24 Dec 2019 12:45:58 GMT )
Жел 24, 2019 18:45 Asia/Almaty
  • Лаңкестердің Хмеймим базасына жасаған лаңкестік шабуылы сәтсіздікке ұшырады

Ресей әуе қорғаныс жүйесі Сирияның Латакия қаласындағы Хмеймим базасына шабуыл жасауды көздеген лаңкестердің екі ұшқышсыз ұшағын құлатты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сириядағы атыс тоқтатуды бақылау орталығының басшысы Юрий Боренков: "Хмеймим әуе базасында орналасқан ресейлік әуе қорғаныс жүйесі базаға шабуыл жасағысы келген лаңкестердің екі ұшқышсыз ұшағын анықтап, құлатты",- деді.

Сирия үкіметінің лаңкестік топтарға қарсы күреске көмек сұрауымен Ресей 2015 жылдың қыркүйек айынан бері сол елде әскерилерін орналастырды. Латакия облысындағы Хмеймим әуе базасында Ресей ұшақтары орналасқан.

 

 

Тегтер