АҚШ-тың қылмыстарына жауап қайтару – Ирак халқының табиғи құқығы
Ислам революциясы Сақшылар корпусы америкалық шапқыншылардың Ирактың халықтық ерік күштері Хашд әш-Шааби базасына жасаған лаңкестік шабуылын айыптап, бұл қылмысқа жауап қайтаруды Ирак халқы мен қорғаныс күштерінің табиғи құқығы деп атады.
Ислам революциясы Сақшылар корпусы дүйсенбі күнгі өз мәлімдемесінде АҚШ-тың аймақтағы тынышсыздық пен талан-тараж және шиеленіс пен соғыстың негізі себепшісі екенін қуаттап: «Ирактың қарсыласу ағымы жауынгерлері мен халық күштерінің бірқатарының өліміне себеп болған америкалықтардың Хашд әш-Шааби базасына жасаған лаңкестік әуе шабуылы елдің ұлттық егемендігін бұзу»,- деді. Ислам революциясы Сақшылар корпусы бұл мәлімдемесінде америкалық басқыншы лаңкестердің шығарылуын Ирактағы тұрақтылық пен қауіпсздіктің нығаюының кепілі деп атап, ешбір тәуелсіз, азат халықтың бөгделердің олардың перзенттеріне қарсы қылмысын жауапсыз қалдырмайтынын қуаттады.