АҚШ-тың қылмыстарына жауап қайтару – Ирак халқының табиғи құқығы
(last modified Tue, 31 Dec 2019 14:09:51 GMT )
Жел 31, 2019 20:09 Asia/Almaty
  •  АҚШ-тың қылмыстарына жауап қайтару – Ирак халқының табиғи құқығы

Ислам революциясы Сақшылар корпусы америкалық шапқыншылардың Ирактың халықтық ерік күштері Хашд әш-Шааби базасына жасаған лаңкестік шабуылын айыптап, бұл қылмысқа жауап қайтаруды Ирак халқы мен қорғаныс күштерінің табиғи құқығы деп атады.

 

Ислам революциясы Сақшылар корпусы дүйсенбі күнгі өз мәлімдемесінде АҚШ-тың аймақтағы тынышсыздық пен талан-тараж және шиеленіс пен соғыстың негізі себепшісі екенін қуаттап: «Ирактың қарсыласу ағымы жауынгерлері мен халық күштерінің бірқатарының өліміне себеп болған америкалықтардың Хашд әш-Шааби базасына жасаған лаңкестік әуе шабуылы елдің ұлттық егемендігін бұзу»,- деді.  Ислам революциясы Сақшылар корпусы бұл мәлімдемесінде америкалық басқыншы лаңкестердің шығарылуын Ирактағы тұрақтылық пен қауіпсздіктің нығаюының кепілі деп атап, ешбір тәуелсіз, азат халықтың бөгделердің олардың перзенттеріне қарсы қылмысын жауапсыз қалдырмайтынын қуаттады.