Ирактықтар АҚШ-тың Хашд әш-Шааби күштеріне қарсы шабуылына реакция көрсетті
(last modified Wed, 01 Jan 2020 14:41:24 GMT )
Қаң 01, 2020 20:41 Asia/Almaty
  • Ирактықтар АҚШ-тың Хашд әш-Шааби күштеріне қарсы шабуылына реакция көрсетті

Ирак халқы Хашд әш-Шааби позицияларына қарсы АҚШ-тың шабуылына реакция білдіріп, Бағдадтағы Вашингтон елшілігінің алдына жиналып, оның бірнеше есігін өртеді.


АҚШ 30 желтоқсанда әл-Анбар облысының әл-Қаем шекара қаласындағы Хашд әш-Шааби позицияларына шабуыл жасап, ондаған адамның өлімі мен жаралануына себеп болды. Ирак халқы өткен күні Бағдадтағы АҚШ елшілігінің алдында жиналып, америкалық күштердің Ирактан шығуын талап етті. Ирак халқының Хашд әш-Шааби позицияларына қарсы АҚШ-тың шабуылына білдірген реакциясының бірнеше маңызды жолдауы бар: Бірінші жолдауы Иракқа қарсы сырттан жасалған шабуылдың халқы мен саяси топтары бірлігінің нығаюына себеп болатынын көрсетеді. Өткен екі күнде Ирак халқының Бағдадтағы АҚШ елшілігінің алдында жиналып, оның жеріне басып кіруімен бірге  елдің саяси тұлғалары мен топтарының көбі Ирактан америкалық әскерилердің шығуын талап етті; Екінші жолдау Иракта АҚШ-қа қарсылық білдіру көңіл-күйі артты. Наразылар  Ирактағы АҚШ елшілігінің қорғалатын аймақта орналасуына қарамастан, оған шабуыл жасады. Халықтың ызасы бұрын-соңды болмаған деңгейі жетті. Халық бетон дуалдың қабырғаларын қиратып, бір бақылау пунктін өртеп, елшіліктің қауіпсіз камераларын қиратып, алаңға басып-кіріп, елшіліктің ішіне тас лақтырды. Америка елшілігі сыртқы ғимаратының кейбір жерлері өртенді. АҚШ-қа деген халық ызасының көтерілуі АҚШ елшігінің дипломаттары мен оны қорғайтын әскерилерін  қорқытты; Үшінші жолдау АҚШ пен одақтастарының Хашд әш-Шааби күштеріне қарсы ауқымды теріс үгіт-насихаттары нәтижеге жетпеуінде. АҚШ елшілігінің алдында жиналу мен оның кейбір бөлімдерін өртеу Хашд әш-Шаабиді қорғау мақсатында жасалып, Ирак халқының аталмыш күштердің әрекеттерін оң бағалайтынын көрсетті; Төртінші жолдау – америкалықтардың Ирак халқы реакциясының америкалық күштердің бұл елден кетуіне немесе бірақатарының өлімге ұшырауы мен жарақат алуына соқтыра алатынын түсінуі болды. Ирак халқының АҚШ-қа қарсы наразылықтарының жалғасуы бұл елдің Парламентіне шетелдік күштердің Ирактан шығуының уақыты кестесін белгілейтін заңды бекітуді жылдамдату саласындағы қысымның артуына себеп бола алады. Бұл жолдаулармен бірге Ирак халқының әл-Қаемдегі Хашд әш-Шаабидің позицияларына қарсы АҚШ шабуылына байланысты реакциясы америкалықтар үшін көптеген психологиялық қиындық тудыруы мүмкін. Ирак мәселелері бойынша сарапшы Сейед Реза Қазвини Ғараби: "Наразылардың көбінің АҚШ елшілігіне шабуыл жасауы мен оның алдында ереуіл шатырларын құрып, оның қабырғаларына Ирак пен Хизболла батальондарының туларын көтеруі психикалық тұрғыдан көбірек әсер етеді. Бұл наразылықтарды ұйымдастырушылардың ақылын көрсетеді",- деді.  

 

 

Тегтер