Қажы Ғасем Солейманиді қастандықпен өлтірудің себептері мен салдарлары
Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштері басшысының орынбасары Абумаһди әл-Моһандестің шәһид болғанына байланысты арнайы рәсімде АҚШ-тың осы қылмысының себептері мен салдарларын түсіндіріп, оның Батыс Азияда жаңа тарихтың қалыптасуының факторы деп атады.
Сейіт Хасан Насролла қастандықпен өлтірудің себептері мен америкалықтардың бұл қылмысты тез мойындауында бірнеше маңызды фактор барын айтты. Алайда барлық себептердің басты өзегі – сәтсіздік. Бірінші себебі АҚШ пен Израильдің осы уақытқа дейін генерал Солейманиге бірнеше рет қастандық жасауға талпынғанымен сәтсіздікке ұшырауында. АҚШ-тың генерал Ғасем Солейманиді өлтіргенін ресми түрде мойындауы бұрынғы сәтсіздіктерді жасыру мақсатында орын алды.
Екінші себебі ірі сәтсіздік – аймақтағы қарсыласу қозғалысынан үсті-үстіне жеңілуінде. АҚШ пен Израиль Сирия, Йемен мен Ауғанстанда жеңіліс тапты. Ливан мен Ирактың соңғы айлардағы оқиғаларында да өз мақсаттарына жетпеді. Осындай үсті-үстіне болған жеңілістер қарсыласу қозғалысының жеңіске жетіп, нығая түскенін көрсетеді.
Үшінші сәтсіздік Иранға қарсы стратегиялық жеңілісте. АҚШ соңғы екі жылда "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін барынша қысым стратегиясы аясында Иран жүйесін құлату үшін жан-жақты талпыныс жасады. Алайда өзінің ең төмен мақсатына да жетпеді, яғни Иранның қатынасын өзгерте алмады. АҚШ осы сәтсіздіктің орнын толтыру үшін генерал Ғасем Солейманиді қастандықпен өлтіруге бет бұрып, мұны ашық түрде жариялап, бұл хабарды көп жарнамалау арқылы өзін Иран алдында жеңімпаз деп көрсетуді қалады.
Сейіт Хасан Насролла бұл террордың салдарларын да түсіндірді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы тұрғысынан Батыс Азиядағы жаңа ғасырдың басталуы – АҚШ-тың бұл қылмысының ең маңызды салдары. Қазіргі жағдайда АҚШ – Батыс Азия өзгерістеріндегі негізгі ойыншылардың бірі. Ол аймақтағы дағдарыстардың басты факторы. Сейіт Хасан Насролланың көзқарасынша, АҚШ-ты Батыс Азиядан шығарып, бұл аймақты отаршылдық, үстемшілдік пен басқыншылықтан тазарту қарсыласу қозғалысының шәһид басшылары қанының әділ өтемі және Батыс Азиядағы жаңа ғасырдың ең маңызды көрсеткіші болады.
АҚШ-тың лаңкес үкіметінің осы қылмысының салдарының бірі мынада: егер бұл ел өз әскерилерін Батыс Азияда қалдыруға табандылық танытса, бұл аймақ бұдан былай америкалық әскерилер үшін қауіпсіз болмайды. Сейіт Хасан Насролла: "Аймаққа өз аяқтарымен келген америкалық сарбаздар мен офицерлер табытқа салынып қайтарылғанда Трамп өзінің не істегенін түсінеді",-деді.
Сейіт Хасан Насролла тоқталған тағы бір маңызды салдар – АҚШ-тан қатаң кек алу. Ливан Хизбулласының бас хатшысы сардар Ғасем Солейманиді қарсыласу қозғалысына тиесілі тұлға деп атап: "Иран бұл қылмысқа қандай реакция көрсететінінен бөлек, қарсыласу қозғалысы да қатаң жауап қайтарады",-деді. Сейіт Хасан Насролла Иран Ислам революциясының жетекшісіне қажы Ғасем Солейманидің шәһид болуына орай көңіл айту хатын жолдап, "Қарсыласу қозғалысын жақтайтындардың барлығы оның қаны үшін кек алуды қалайды", - деп жазды.