Моқтада Садр: Ирак АҚШ үшін екінші Вьетнамға айналады
(last modified Tue, 07 Jan 2020 13:33:18 GMT )
Қаң 07, 2020 19:33 Asia/Almaty
  • Моқтада Садр: Ирак АҚШ үшін екінші Вьетнамға айналады

Ирактың "Садр" ағымының басшысы АҚШ Президентіне: "Ирак америкалық әскерилер үшін екінші Вьетнамға айналады",- деп қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Моқтада Садр сейсенбі күні Twitter-дегі парақшасында АҚШ Президентіне қаратып: "Вьетнамды ұмыттың ба, әлде басқа батпаққа түскің келе ме? Бұл жолы Ирактың оңтүстігіндегі Басрадан басталып, солтүстігіндегі Дахукке дейін жететін армиямен бетпе-бет келесің. Уа, казинолардың перзенті! Халықты аштықпен қорқытып, Сауд Арабиясы  мен Парсы шығанағындағы одақтас мемлекеттердің байлығы немесе әскери қару қоймалары саған пайда әкеледі деп ойлайсың ба? Үйіңнің өрмекшінің торынан, қаруыңның масаның шаққанынан да әлсіз екенін білгенің жөн",- деп жазды.   

 

 

Тегтер