«Ғасыр мәмілесінің» салдарлары АҚШ пен Израиль үшін ауыр апат болады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i45336
Йемен халқы Санадағы кең ауқымды шерудің қорытынды мәлімдемесінде Палестина халқын, жері мен олардың қасиеттіліктерін қолдайтынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 01, 2020 16:37 Asia/Almaty

Йемен халқы Санадағы кең ауқымды шерудің қорытынды мәлімдемесінде Палестина халқын, жері мен олардың қасиеттіліктерін қолдайтынын қуаттады.

 

Al Masirah  ақпарат агенттігінің мәліметінше, Йемен астанасы Сананың жүздеген мың халқы кеше жұма күні көшелерге шығып, «Ғасыр мәмілесіне» қарсылық білдірді. Йемендік азаматтар шерудің соңында мәлімдеме жариялап, заңсыз сионистік режимнің алдында Палестина халқын қолдауды талап етті. Олар сондай-ақ нәсілшіл «Ғасыр мәмілесін» айыптап, бұл мәміленің салдарларының АҚШ пен Израиль үшін ауыр апат болатынын қуаттады.

Йеменнің саяси жоғары комитетінің басшысы Мұхаммадәли әл-Хауси де Сана халқының жүздеген мың халқының алдында сионистік режимнің араб қолдаушылары жөнінде: "«Ғасыр мәмілесіне" қарсылық білдіре алмағандардың соғысу қабілеті де жоқ»,- деді.