Генерал-майор Каани Иранның Палестина халқы мен оның арман-мақсаттарын қолдайтынын қуаттады
(last modified Sun, 02 Feb 2020 12:04:20 GMT )
Ақп 02, 2020 18:04 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Каани Иранның Палестина халқы мен оның арман-мақсаттарын қолдайтынын қуаттады

Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы Иранның Палестина халқы мен оның арман-мақсаттарын қолдайтынын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Исмаил Каани сенбі күні Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахалемен телефон арқылы сұхбатында: "ИИР Палестина халқын дұшпандардың қастандықтарымен күресу және АҚШ-тың "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсы тұру жолында қолдайды",-деді.

Генерал-майор Каани америкалықтардың Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің шәһид қолбасшысы Ғасем Солейманиге террор жасаудағы мақсатының "Ғасыр мәмілесі" жобасын жариялауға жағдай жасау деп айтып: "Сардар Солейманидің өлімінен кейін Иранның Палестинадағы қарсыласу күштерін қолдау туралы ұстанымы нығая түсті",-деді.

Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы да Иранның Палестина мәселесін қолдауға қатысты ұстанымына алғыс айтып: "Палестина халқы мен қарсыласу топтары оларды тарихи құқықтан айыруға бағытталған АҚШ-тың "Ғасыр мәмілесі" жобасы мен барлық қастандықтарын жояды",-деді.