Ақп 06, 2020 19:39 Asia/Almaty

Түркия ақпарат құралдары сәрсенбі күні Стамбұлда бір ұшақ апатының орын алуымен бір мезгілде елдің шығысындағы Ван таулы аймағында болған қар көшкінінен 33 адамның қаза тауып, 53 адамның жараланғанын хабарлады.

Оқиға орнына іздеу-құтқару күштері жіберілген. Олар да көшкінге ұшырап, 11 құтқарушы қаза тапты.

Оқиға орнына 300-ге жуық құтқарушы жіберілген, ондаған адам әлі қар астында.

Өткен 30 жылда Түркияның шығысы мен солтүстігіндегі таулы аймақтарда болған қар көшкіні салдарынан 1500-ден аса адам қаза тапты.  

Тегтер