Сионистік режим армиясының шабуылында Палестина исламдық джиһад қозғалысының екі мүшесі қаза тапты
(last modified Mon, 24 Feb 2020 15:04:31 GMT )
Ақп 24, 2020 21:04 Asia/Almaty
  • Сионистік режим армиясының шабуылында Палестина исламдық джиһад қозғалысының екі мүшесі қаза тапты

Палестина исламдық джиһад қозғалысы сионистік режим армиясының шабуылында өзінің екі мүшесінің шәһид болғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина исламдық джиһад қозғалысы өз мәлімдемесінде осы қозғалыстың әскери тармағы «әл-Құдс» батальондарының жауынгерлері Салим Ахмад Салим мен Зияд Ахмад Мансұрдың сионистік режим армиясының дүйсенбі күні таңертең Сирия астанасы Дамаскқа шабуылында қаза тапқанын хабарлады.

Палестина исламдық джиһад қозғалысы: «Сионистік режимнің Дамаскқа шабуылы бұл басқыншы режимнің жеңіліс тапқанын және Палестина жерінде «әл-Құдс» батальондары жауынгерлерімен күресуге қауқарының жетпейтінін көрсетті»,-деді.  

Сирияның SANA ақпарат агентігі бұл ел армиясының әуе-қорғаныс күштері дүйсенбі күні таңертең сионистік режим  басып алған Голан жоталарынан атылған бірнеше зымыранды Дамаск көгінде анықтап, жойып жібергенін хабарлады.

Палестина исламдық джиһад қозғалысының әскери тармағы «әл-Құдс» батальондары жексенбі күні кешке сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарына жауап ретінде осы сектордан сионистік қалашықтарға қарай 20 зымыран атты.

Тегтер