Түркия Сирияның солтүстігінде ауыр шығынға ұшырады
(last modified Fri, 28 Feb 2020 09:17:18 GMT )
Ақп 28, 2020 15:17 Asia/Almaty
  • Түркия Сирияның солтүстігінде ауыр шығынға ұшырады

Аймақтың ақпарат құралдары Сирияның Идлиб облысында Түркия армиясының кемінде 33 әскериінің қаза тапқанын хабарлады.

Al-Masirah йемендік телеарнасының Түркияның Хатай облысының әкіміне сілтеме жасап хабарлауынша, Сирия армиясы әуе күштерінің Идлиб облысындағы Түркия армиясының позицияларына шабуылында 33 түрік сарбазы қаза тауып, басқа ондаған адам жараланды.

Түркия Президенті баспасөз қызметінің басшысы Фахреттин Алтун жұма күні таңертең  Сирия әуе күштерінің Идлиб аймағына шабуылында ондаған түрік әскериі қаза тапқаннан кейін бұл шабуылдың жауапсыз қалмайтынын айтты.  

Осы жағдайда Түркя армиясының Сирия күштерінің Алеппо облысының солтүстігіндегі позицияларын нысанаға алғаны хабарланды.

Сирияның  Идлиб облысын лаңкестерден тазартып жатқанына екі айдан аса уақыт өтті. Ал бұл амалдарға қарсы Түркия лаңкестермен күресу сылтауымен Сирия жерінің бір бөлігін, әсіресе Алеппо облысын басып алды.

Тегтер