Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдары жалғасуда
Саудиялық шапқыншы коалиция қырғи ұшақтарының Йеменнің Забаб қаласына жасаған шабуылдарынан алты адам қаза тапты.
Йемендік «Саба» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, саудиялық қырғи ұшақтар бүгін, жексенбі күні таңертең Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз облысына қарасты Забаб қаласының Хабил Асвад және әл-Джахили аймақтарын бірнеше мәрте бомбалаған. Салдарынан алты адам, соның ішінде үш бала қаза тауып, ондаған кісі жараланған.
Осы шабуыл барысында көптеген тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдар қирады.
Саудияның шапқыншы қырғи ұшақтары сондай- ақ Йемен орталығы Мариб облысына қарасты Сарвах аймағын да бомбалады.
Сауд Арабиясы шабуылдарының қарымтасы ретінде Йемен армиясы мен халықтық күштері осы елдің оңтүстігіндегі Джизанда Сауд Арабиясының бірнеше қарау- жарақ қоймасының көзін жойды.
Йемен армиясы мен халықтық күштерінің осы елдің солтүстігінде орналасқан Эль-Джауф облысына жасаған шабуылдарынан да Сауд Арабиясының бір топ әскериінің көзі жойылды.
Йемен армиясының артиллериялық бөлімшесі мен халықтық күштері Сауд Арабиясының Асирдегі Мостахдас әскери базасына оқ жаудырды.
Сауд Арабиясының ІІМ сенбі күні кешке осы елдің Асир шекаралық аймағына жасалған шабуылдардан Саудияның бір әскериінің қаза болып, әскери емес бір шетел азаматының жараланғанын хабарлады.