Башар Асад: Лаңкестер Сирияның ұлттық болмысын жоя алған жоқ
Сәу 13, 2016 22:16 Asia/Almaty
Сирия президенті "Лаңкестер бейкүнә жандарды өлтіріп, Сирияның инфрақұрылымдарын жоюына қарамастан, негізгі инфрақұрылымды, яғни сириялықтардың ұлттық болмысын жоя алған жоқ" деп баса айтты.
Сирия телеарнасының хабарлауынша, Сирия президенті Башар Асад осы елдегі парламенттік сайлауға қатысып, дауыс берген соң сөйлеген сөзінде: «Сирия халқы 5 жылдан бері соғыстан зардап шегіп отыр. Осы соғыс барысында лаңкестер көптеген бейкүнә адамдардың қанын төгіп, Сирияның көптеген инфрақұрылымдарын жойды, бірақ бөгде елдер тарапынан басшылыққа алынған негізгі мақсатына жетуде Сириядағы негізгі инфрақұрылымды, яғни ұлттық болмыстың әлеуметтік инфрақұрылымын жоюда сәтсіздікке ұшырап отыр» деді.
Тегтер