Сионистік режим мүгедектер мен жүрегі ауыратындарды жасанды тыныс алу аппаратынан айырды
Сәу 20, 2020 18:42 Asia/Almaty
Сионистік арналардың бірі Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус одан әрі таралған жағдайда жасанды тыныс алу аппаратын мүгедек, қарт және жүрегі ауыратын адамдарға соңғы кезекте беруге ұсыныс жасағанын әшкереледі.
Сионистік режимнің 13-арнасының хабарлауынша, осы режимнің Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған құжатқа сәйкес, психикалық ауруларға шалдыққандар, қатты күйіктері бар адамдар, жазылмайтын, ауыр науқасқа шалдыққандар, қарттар және коронавирустан жазылу ықтималы 20 пайыздан төмен адамдарға тыныс алу аппараттарын пайдалануда басымдық берілмейді.
Басып алынған жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 13 491 адамға жетті. 172 адам қайтыс болды.
Тегтер