Сардар Солейманидің шәһид болуымен Иранның қарсыласу қозғалысын қолдауы өзгермейді
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Сирия Президентімен кездесуінде сардар Қасем Солейманидің шәһид болуымен Иранның аймақтағы лаңкестікпен күресуі және қарсыласу қозғалысын қолдауы өзгермейтінін қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Сирия Президенті Башар Асадпен кездесуінде жексенбі күнгі БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Гейр Педерсенмен телефон арқылы Иран, Түркия және Ресейдің алдағы «Астана үдерісінің» кепілдері ретінде кездесуі туралы сұхбатына тоқталып, Сирия өзгерістері, соның ішінде бұл елдің Конституция комитеті, Идлибтегі өзгерістер және саяси жағдай туралы пікір алмасты.
Башар Асад та кездесуде сардар Солейманидің бұл елдегі лаңкестікпен күресте теңдессіз рөл атқарғанына тоқталып, Иранның Сирия халқына лаңкестікпен күреске көмектесуіне алғыс айтты.