Саудиялық коалицияның азық-түлік және дәрі-дәрмек тасымалдайтын кереуенге шабуылы – әскери қылмыс
https://itolqyn.com/news/west_asia-i46599-Саудиялық_коалицияның_азық_түлік_және_дәрі_дәрмек_тасымалдайтын_кереуенге_шабуылы_әскери_қылмыс
Йеменнің саяси жоғары кеңесінің мүшесі саудиялық коалицияның әл-Биза облысындағы Ғафар кеден орталығында азық-түлік және дәрі-дәрмек тасымалдайтын кереуенге жасаған шабуылын әскери қылмыс деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 02, 2020 18:55 Asia/Almaty

Йеменнің саяси жоғары кеңесінің мүшесі саудиялық коалицияның әл-Биза облысындағы Ғафар кеден орталығында азық-түлік және дәрі-дәрмек тасымалдайтын кереуенге жасаған шабуылын әскери қылмыс деп атады.

 

Мұхаммадәли әл-Хуси бүгін сенбі күні: «Саудиялық коалицияның әскери ұшақтары әртүрлі тәсілдермен шиеленісті жалғастырып, әскери емес қарапайым халықтың өлімі мен жүк тасымалдайтын көліктердің өртіне себеп болған әл-Биза облысындағы Ғафар кеден орталығында азық-түлік және дәрі-дәрмек тасымалдайтын кереуенге шабуыл жасады»,- деді.

Йемендік ақпарат құралдары бүгін таңертең саудиялық әскери ұшақтардың Ғафар кеденіне жасаған шабуылы салдарынан азық-түлік, дәрі-дәрмек және электр аспаптары мен генераторлар тиелген 11 жүк тасымалдайтын көлік өртенгенін хабарлады.