Иракта ДАИШ тобынан қалған лаңкестерге қарсы кең ауқымды әрекет басталды
Ирак қарулы күштері бас штабының баспасөз өкілі елде ДАИШ тобынан қалған лаңкестерге қарсы кең ауқымды әрекет бастау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Al-Ahd News ақпаратына сәйкес, Абдолкарим Халаф ДАИШ-тың Иракқа қайтып оралуы туралы хабардың таратылуын тек мәселені үлкейтіп көрсету мақсатын көздейтінін, шындыққа жанаспайтынына тоқталып: «ДАИШ лаңкестері қалалардың маңындағы жерлерді нысанаға алды. Ол жерлерде қауіпсіздік күштерінің саны аз болатын. Қазіргі әскери әрекет армия күштері, әуе күштері, Хашд әш-Шааби күштері, лаңкестікпен күрес және әл-Анбар, әл-Джазире мен әл-Мабади әрекеттері штабының қатысуымен Сириямен ортақ шекараларға қарай жерлерде жүргізіліп жатыр»,- деді. Ирактың Федералды полиция күштерінің қолбасшысы Джафар әл-Батат да елдегі ДАИШ лаңкестеріне қарсы жаңа қауіпсіздік жоба туралы хабарлап: «Қауіпсіздік саласындағы оқиғалар елдің қауіпсіздік жобаларын қайта қарастыру қажеттігін көрсетеді»,- деді.
Өткен бірнеше күнде ДАИШ тобынан қалған лаңкестер Ирактың Салахаддин, Дияле, Бабол мен әл-Анбар облыстарында әрекеттерін арттырды.