Әл-Каземи ресми түрде Ирактың Премьер-министрі болды
(last modified Fri, 08 May 2020 03:26:08 GMT )
Maм 08, 2020 09:26 Asia/Almaty
  • Әл-Каземи ресми түрде Ирактың Премьер-министрі болды

Әл-Каземи Ирак Парламентінде басым дауыс жинау арқылы ресми түрде осы елдің Премьер-министрі ретінде жұмысын бастады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирак Парламенті 329 депутаттан 233-нің қатысуымен Мұстафа әл-Каземидің кабинет мүшелерінің бір бөлігіне сенім дауысын берді.

Нури әл-Малеки үкіметін жақтайтын фракция өкілдерінен басқа жиналысқа қатысқан депутаттар 21 министрлікке ұсынылған 15 министрге сенім дауысын беріп, 4 министрді қабылдаудан бас тартты.

Жиналыста Мұнай және Сыртқы істер министрлері лауазымына ұсынылған адамдар туралы қайшылықтардың болуына байланысты дауыс беру басқа кезге ауыстырылды.

Мұстафа әл-Каземидің үкіметі Адел Абдулмахдидің ісін ілгерілететін үкіметтің орнын алмастырады. Абдулмахди өткен жылы 29 қарашада отставкаға кеткен болатын.

Тегтер