Иорданның батыс жағалауын басып алу шешімімен күресу үшін комитет құрылады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i46702-Иорданның_батыс_жағалауын_басып_алу_шешімімен_күресу_үшін_комитет_құрылады
Палестина автономды құрылымының басшысы Махмуд Аббас сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алу шешіміне жауап ретінде комитет құруды сұрады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 10, 2020 19:23 Asia/Almaty
  • Иорданның батыс жағалауын басып алу шешімімен күресу үшін комитет құрылады

Палестина автономды құрылымының басшысы Махмуд Аббас сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алу шешіміне жауап ретінде комитет құруды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Фатх қозғалысының атқарушы комитетінің мүшесі Азам Ахмад сенбі күні осы мәселеге тоқталып: «Келесі аптаның басында аталмыш комитет сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алынған жерлерге қосу туралы шешімін талқылау үшін жиналыс өткізеді. Өйткені бұл шешімнің ірі саяси-экономикалық және қауіпсіздік салдары болады»,-деді.

Алдағы сәрсенбі күні сионистік режимнің Министрлер кабинеті Иордан өзенінің батыс жағалауының бір бөлігін қосып алу туралы жобаны Кнессетке ұсынады деп жоспарлануда.  

Азам Ахмад: «Иордан өзенінің батыс жағалауының бір бөлігін қосып алу жобасы бекітілген күннің ертеңінде, яғни бейсенбі күні Фатх қозғалысының атқарушы кеңесі жиналыс өткізіп, басқыншы режим және АҚШ үкіметімен барлық келісімдердің күшін жояды»,-деді.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен «Кахоль-Лаван» солшыл альянсының басшысы Бени Ганц 20 сәуірде жан-жақты кабинет құруға келісті. Сондай-ақ, олар шілде айыннан бастап Иордан өзенінің батыс жағалауындағы сионистік қалашықтар мен Иордан сайын қосып алуды бастауға келісті.