Сауд режиміне қарсы экономика саласындағы қоқан-лоққы артты
(last modified Tue, 12 May 2020 12:17:55 GMT )
Maм 12, 2020 18:17 Asia/Almaty
  • Сауд режиміне қарсы экономика саласындағы қоқан-лоққы  артты

Осы уақытқа дейін экономика Сауд Арабиясы билігінің маңызды көзі болғанымен, бүгін бұл елге қарсы экономикалық қоқан-лоққы артты.

Мұнайдан басқа діни туризм де Сауд Арабиясының маңызды кіріс көздерінің бірі. Салман бен Абдолазиз бен оның ұлы Мохаммад билік басына келуден бұрын Сауд Арабиясының инвестициялық қорында шамамен 700 миллиард доллар актив болғандықтан бюджет тапшылығын сезбеді. Өткен 5 жылда бұл елдің инвестициялық қоры шамамен 400 миллиард долларға қысқарып, 2020 жылы бюджеті 50 миллиард доллар тапшылығымен бетпе-бет келді. Халықаралық валюта қорының мәліметінше осы кезге дейін 233 миллиард доллар қаржы жұмсалған Йеменге қарсы соғыс – Рияд экономикасының құлдырау себептерінің бірі. Қару-жараққа кетіп жатқан қаржы – келесі фактор. Стокгольм бейбітшілік ұйымының мәліметі бойынша Салман мен ұлы Мохаммад билік басына келгеннен бері Сауд Арабиясының қару-жарақ экспорты 130 пайызға артты. Коронавирустың таралуымен тұспа-тұс келген Ресеймен арадағы соғыс пен мұнай бағасының бұрын-соңды болмаған деңгейге төмендеуі де Сауд Арабиясының экономикалық құлдырауының келесі факторы болды. Бұл жағдай осы күнге дейін Сауд үкіметі мен ел халқына ауыр шығын келтірді.  Сауд үкіметі өткен апталарда шешім қабылдап: «Коронавирустың таралуына байланысты орнаған қиын жағдай мен экономикалық дағдарысқа қарсы тұру үшін елдің жеке секторы қызметкерлерінің ақшасы 40 пайызға төмендейді»,- деп мәлімдеді. Қазіргі кезде мұнай бағасынының құлдырауына байланысты АҚШ-тың қысымына түскен, сондай-ақ Вашингтон Сауд Арабиясынан Patriot жүйелері мен әскерилерін шығаруды көздеп отырған жағдайда келесі айда күн сайынғы  мұнай өндірісін бір миллион баррельге азайтуға шешім қабылдады. Сауд Арабиясы өткен күндері экономика саласындағы қиындықтар артқан соң шілденің бірінен бастап салықты арттырып, күнделікті қаржыны қысқарту туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды. Бұл жағдай қате, шығыны көп және сындарсыз сыртқы саясаты салдарынан Сауд Арабиясының мықты экономикасының енді қоқан-лоққысына айналғанын көрсетті. Қорыта айтқанда, Сауд Арабиясының бүгінгі экономикалық жағдайы  мен бұл елдің аймақтағы саясатының сәтсіздігін Вашингтонның саудиялық жас тақмұрагері үшін дайындаған жобасының салдары деп айтуға болады.