ДАИШ лаңкестік тобы Ирактағы Киркук электр желісін жарып жіберді
(last modified Thu, 14 May 2020 12:48:18 GMT )
Maм 14, 2020 18:48 Asia/Almaty
  • ДАИШ лаңкестік тобы Ирактағы Киркук электр желісін жарып жіберді

Ирактың ақпарат көздері ДАИШ лаңкестерінің Киркуктағы жоғары қысымды электр желісін жарып жібергенін хабарлады.

ДАИШ лаңкестері бейсенбі күні Ирактың Киркук облысының оңтүстігіндегі Идрис-Хиас пен әл-Киф ауылдарының арасындағы №33 жоғары қысымды электр желісін жарып, істен шығарды.

Бұдан бұрын ДАИШ лаңкестері Дияла облысында орналасқан Ханеқин ауданындағы Хуран округіне жақын маңдағы Мерсад жоғары қысымды электр желісін жарған болатын.

Өткен апталарда ДАИШ лаңкестік тобының «өлім үштігі» деп танылған Киркук, Салахеддин мен Дияла облыстарына шабуылдары үдей түсті.  

Шабуылдардың күшейтілуі Ирак армиясы мен Хашд әш-Шааби күштерінің әскери ұшақтардың қолдауымен елдің шығыс және солтүстік облыстарындағы ДАИШ-тың позицияларын нысанаға алу амалдарын жүргізуіне себеп болды.