Ирактың Хашд әш-Шааби күштері ДАИШ шабуылдарын залалсыздандырды
(last modified Fri, 15 May 2020 13:01:09 GMT )
Maм 15, 2020 19:01 Asia/Almaty
  • Ирактың Хашд әш-Шааби күштері ДАИШ шабуылдарын залалсыздандырды

Ирактың Хашд әш-Шааби күштері ДАИШ тобынан қалған лаңкестердің елдің шығыс және батыс аймақтарындағы шабуылдарын сәтсіздікке ұшыратты.

Mehr ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хашд әш-Шааби күштерінің 17-ші  бригадасы 3-ші батальонның қолдауымен Ирактың әл-Анбар облысының батысындағы «Акашат» аймағындағы ДАИШ-тың бірқатар лаңкестерінің шабуылын залалсыздандырды. Шабуылда Хашд әш-Шааби күштері шығын көрген жоқ. Алайда ДАИШ лаңкестері қашуға мәжбүр болды. Ирактың халықтық ерікті күштері ДАИШ лаңкестерінің Диале облысындағы Ханақин аймағына жасаған шабуылын сәтсіздікке ұшыратты. ДАИШ сәтсіздікке ұшырағанымен бұл топтың мүшелері Ирактың әртүрлі аймақтарында орналасып, жеке лаңкестік әрекеттерді іске асырады.