Палестина Мәжілісінің төрағасы Құдста Иранның виртуалды елшілігін құру шешіміне алғыс айтты
(last modified Tue, 19 May 2020 12:01:55 GMT )
Maм 19, 2020 18:01 Asia/Almaty
  • Палестина Мәжілісінің төрағасы Құдста Иранның виртуалды елшілігін құру шешіміне алғыс айтты

Палестина ұлттық Мәжілісінің төрағасы Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Құдс қаласында Палестина астанасы ретінде Иранның виртуалды елшілігін құру шешіміне алғыс айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Салим әз-Занун Әлемдік Құдс күні қарсаңында мәлімдеме жариялап, Иранның бұл шешімін Құдсты Палестина жері әрі астанасы ретінде ресми қабылдау саласындағы маңызды қадам деп бағалады. Ол бүкіл араб және басқа елдерді Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің шешіміне ұқсас шешім қабылдап,  АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсты басып алушы режимге қосу қастандығына қарсылық білдіруге шақырды.