Тель-Авивпен келісімдердің күшін жою Израильді ресми қабылдауды жоюды қамтуы керек
ФАТХ қозғалысының орталық комитетінің мүшесі Эзам әл-Ахмад бүгін сәрсенбіде: «Осло келісіміндегінің бәрі тарихқа енді. Келісімдердің күшін жою сионистік режимді ресми мойындау мен Париж келісімінің күшін жоюды қамтуы керек.
Палестинаны сионистік режим басып алып жатыр. Сондықтан Палестина жерлерінің бұдан артық аннексиялануының алдын алу үшін халықаралық қауымдастық Палестинаға қолдау көрсетуі керек»,- деді.
Палестина автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббас сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауының бірқатар бөлімдерін аннексиялау талпынысын сынап, енді өзінің Тель-Авив пен Вашингтон арасындағы ешбір келісімге табанды болмайтынын қуаттады.
Сионистік режим алдағы шілде айында Иордан өзенінің батыс жағалауындағы жердің 30 пайызын Израиль жерлеріне қосып алмақ. Бұл әрекет көптеген елдердің сынымен бетпе-бет келді.