Ирактың Хашд әш-Шааби күштері АҚШ-тың ықтималды шабуылына дайын
(last modified Tue, 26 May 2020 14:03:08 GMT )
Maм 26, 2020 20:03 Asia/Almaty
  • Ирактың Хашд әш-Шааби күштері АҚШ-тың ықтималды шабуылына дайын

Ирак Парламентінің өкілі Карим әл-Мұхаммадави бүгін, сейсенбі күні АҚШ-тың Хашд әш-Шааби ұйымына қарсы әрекеттерін әшкерелеп, АҚШ-тың Ирактың Хашд әш-Шааби күштерін нысанаға алуды көздейтінін қуаттады.

Ирактың Хашд әш-Шааби күштері қолбасшыларының бірі Адел әл-Караави бұл хабарға реакция білдіріп: «АҚШ біраздан бері қарсыласу ағымын нысанағы алуда, бірақ Хашд әш-Шааби күштері бұл қастандықпен қарсыласады», - деді. Әл-Карави қарсыласудың міндетін үстемшілер мен басқыншыларды нысанаға алу деп атап: «Егер Хашд әш-Шааби күштеріне шабуыл жасалса, олар шапқыншылардың әрекетінен күштірек жауап қайтарады»,- деді.