Ирактың заң шығарушылары Сауд Арабиясына қарсы заң бекітуге талпыныс жасады
(last modified Sun, 31 May 2020 10:54:18 GMT )
Maм 31, 2020 16:54 Asia/Almaty
  • Ирактың заң шығарушылары Сауд Арабиясына қарсы заң бекітуге талпыныс жасады

Ирак Парламентінің қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі осы ел Парламентінің Ирактағы саудиялық лаңкестерге қарсы іс ашуға шешім қабылдағанын хабарлады.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, Ирак Парламентінің қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Аббас Сарут жұма күні: «Заң шығарушылар, парламенттік фракциялар мен саяси топтардың бірқатары Ирактағы саудиялық лаңкестерге қарсы іс ашуды көздеп отыр.

Саудия үкіметін Ирак үкіметіне қаржылай өтемақы төлеуге міндеттейтін заң бекітілуі әбден мүмкін»,-деді.

Жуырда Ливияның бұрынғы Президенті Муаммар Каддафи мен Оман Сыртқы істер министрі Юсеф бен Алавидің телефон арқылы сұхбатының аудио файлы жарияланды. Онда Бен Алави Сауд Арабиясының 4 мың лаңкесті Иракқа жібергені туралы айтқан.

Осы аудио файл жарияланғаннан кейін ирактық қолданушылар әлеуметтік желілерде хештегтер тарату арқылы Эр-Риядтың лаңкестікті өршіту әрекеттеріне қарсы тұруды талап етті.   

 

 

Тегтер