1948 жылы басып алынған жерлердегі палестиналықтардың үйлері қиратылды
Сионистік режим 1948 жылы басып алған жерлердегі әт-Тире қаласындағы палестиналықтарға тиесілі 4 үйді құрылыс салу сылтауымен рұқсатсыз қиратты.
«Шаһаб» ақпарат агенттігінің хабалауынша, сионистік режимнің полициясы жексенбі күні таңертең алдымен үйлерді қоршап алып, иелеріне ауданға кіруге рұқсат бермеді. Содан соң режимнің бульдозерлері үйлерді қиратты.
Аудан тұрғындары қазіргі жағдайды ескеріп, сионистік режимнің 1948 жылы басып алған жерлердегі үйлерді қирату саясатын күшейтетінінен қорқып отыр.
БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңесінің басып алынған Палестина жерлері туралы айлық есебі көрсеткендей, Израиль 2019 жылы Иордан өзенінің батыс жағалауында, соның ішінде Шығыс Құдста 617 үйді қиратып, жерді басып алған.
Басып алынған жерлердегі адам құқығы туралы ақпараттар орталығы басып алынған Құдста палестиналықтардың үйлерін рұқсатсыз қирату үдерісінің айтарлықтай артқанын көрсетеді.