Нетаньяху Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасына берік болу қажеттігі туралы бос сөзін қайталады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i47074
Батыс Азия аймағында ядролық қаруға ие жалғыз ел сионистік режимнің Премьер-министрі жексенбі күні Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік болу қажеттігі туралы бос сөзін қайталап, әлемдік қауымдастықтан АҚШ-қа қосылып, Иранға қарсы санкцияларды күшейтуді сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 08, 2020 18:02 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасына берік болу қажеттігі туралы бос сөзін қайталады

Батыс Азия аймағында ядролық қаруға ие жалғыз ел сионистік режимнің Премьер-министрі жексенбі күні Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік болу қажеттігі туралы бос сөзін қайталап, әлемдік қауымдастықтан АҚШ-қа қосылып, Иранға қарсы санкцияларды күшейтуді сұрады.

Беньямин Нетаньяху АҚХА-нің жұма күні жариялаған маусымдық есебіне реакциясында Иранның қорғаныс келісімдеріне беріктігі туралы: «Иран тексерушілерге бірнеше нысанға кіруге рұқсат бермеді.  Сөйтіп, ядролық келісімдегі өз міндеттерін жүйелі түрде бұзып келеді»,-деген уәж айтты.

Нетаньяхудың бұл уәждері Иранға қарсы жалған айып тағудың негізіне айналды. Бұдан бұрын Global Research интернет сайты бір мақаласында: «Ядролық қарумен қаруланған қауіпті Израиль әлем үшін қатер саналады. Бұл – бұлтартқысыз шындық»,-деп жазды.

Әлемдік қауымдастық пен БАҚ осы қатерге қатысты үнсіздік танытты.  Ал Иранның заңды ядролық бағдарламасы әлемде ең қатаң тексерістен өтіп жатыр.

Нетаньяху мен АҚШ басшыларының Иранның ядролық жұмыстары жайлы өтірік айтып келе жатқанына бірнеше жыл болды.

Нетаньяху 2012 жылы БҰҰ Бас ассамблеясындағы сөйлеген сөзінде: «Иран ядролық қаруға ие болуды көздеп отыр»,-деген уәж айтқан болатын.  2018 жылдың 8 мамырында Трамп Иранның ядролық келісімінен шыққанымен бір мезгілде Нетаньяху: «Иранда ядролық қару жасауға бағытталған бір құпия бағдарлама бар»,-деді. Нетаньяху бұрын да «Иран жарылғыш жүйелерді өндіру және сынау үшін жасырын ядролық қойма салды» деп жалған уәж айтқан болатын. Алайда оның Иранға қатысты жалған айыптарын дәлелдейтін бірде-бір құжат бұрын да, қазір де көрсетілген жоқ.

Дәйекті дереккөздерінің хабарлауынша, сионистік режимде 200-ден аса ядролық оқтұмсық бар. Онда қоғамдық пікірді алдарқату үшін Иранның ядролық бағдарламасы туралы дау тудырудан басқа амал жоқ.

Иранның Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Казем Ғарибабади АҚХА-нің жаңа есебінің мазмұны туралы: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты бұл есепте аталмыш агенттіктің айқындылықты тексеру жұмыстары жалғасып жатқаны айтылып, Иранның осы бағдарламаға қатысты міндеттемелерін тоқтату туралы шешімдерін орындау үдерісі  сипатталған»,-деді.

Иранның көзқарасынша, қауіпсіз әлем құру үшін ядролық барлық қаруды жою керек. 2011 жылы сәуірде Теһранда ядролық қарусыздану саласында өткен саммитке Ислам революциясының жетекшісі жіберген жолдауда: «Біз мұндай қаруларды пайдалануды харам және адамзат баласын осындай бәледен сақтауға талпынуды баршаның міндеті санаймыз»,-деген болатын.