Түркия АҚШ-тың сынын қабылдамады
Стамбұлдағы АҚШ консулдығының жергілікті қызметкерінің тыңшылық жасаумен айыпталуы Ақ үй басшыларының ызасына себеп болды.
Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хами Аксой АҚШ-тан басқа елдердің, соның ішінде Түркияның сот тәуелсіздігін құрметтеуді талап етті. Матин Топуз Фетхуллах Гюлен ағымымен ынтымақтастық жасады деген айыппен 8 жыл 9 айға бас бостандығынан айрылды. Ол Түркия заңы бойынша 7 күннің ішінде шағым түсіре алады. Матин Топуздың айыпталуы екі елдің қарым-қатынасына теріс әсерін тигізеді. Матин Топуз 2017 жылыдың қазан айында Стамбұлда Фетхуллах Гюлен ағымына көмек көрсетті деп айыпталып, тұтқындалды. Оның тұтқындалуы АҚШ пен Түркия арасындағы шиеліністі күшейтті. Өткен 3 жылда Ақ үй басшылары оны түрмеден босату үшін түрлі жол қолданды. Вашингтон шенеуніктері мен Стамбұлдағы АҚШ консулдығының жергілікті қызметкері арасындағы қарым-қатынас ойландырады. Вашингтон үкіметі оны босату үшін көп қаржы жұмсады. Бұл тақырып Түркия басшыларының пікірінше күмән тудырады. Алайда тағы басқа түрлі мәселеге байланысты Түркия-АҚШ қарым-қатынасының біраздан бері шиеленіскенін ескермеуге болмайды. Матин Топуз тұтқындалғаннан кейін АҚШ Түркияға иммиграциялық визалардан басқа виза беруді тоқтатты. Түркия да дәл солай жауап берді. АҚШ-тың көптеген қаржы жұмсауы мен Матин Топузды азат етуді дипломатиялық келіссөздерге енгізуі оның АҚШ-тың қауіпсіздік және барлау органдарымен күдікті қатынасын білдіреді.
Түркия мен АҚШ әрқашан өздерін бір-бірінің стратегиялық одақтастары ретінде таныстырды. АҚШ басшыларының соңғы әрекеттері екі елдің стратегиялық одақтас болуы іс жүзінде қарым-қатынастың тек АҚШ-тың мүддесіне болған жағдайда ғана мүмкін екенін көрсетті. АҚШ-тың көзқарасынша, басқа мемлекеттер, Түркия басшыларының қалауы мен мүддесі Ақ үй басшылары үшін аса маңызды емес. Сол себепті Анкара басшыларының Фетхуллах Гюленді елге қайтару сұранысына Ақ үй оң жауап бермек түгілі Түркия басшыларының Гюленнің 2016 жылдың шілде айындағы төңкеріске қатысты болуы жөнінде құжат ұсынуына немқұрайдылық білдірді.