Йеменге қарсы саудиялық коалицияның қылмыстарына Британияның қатысты болуы жөнінде жаңа деректер ашылды
(last modified Sat, 04 Jul 2020 14:32:11 GMT )
Шіл 04, 2020 20:32 Asia/Almaty
  • Йеменге қарсы саудиялық коалицияның қылмыстарына Британияның қатысты болуы жөнінде жаңа деректер ашылды

Ағылшын тіліндегі ақпарат құралдардың бірі Британия әуе күштерінің саудиялық коалицияға Йеменге шабуыл жасауға көмектескенін әшкереледі.

 

 

«Daily Maverick» электрондық газет Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сүйеніп, бұл елдің әуе күштерінің саудиялық коалицияға Йеменге шабуыл жасауға көмектескенін әшкереледі. Бұл Оңтүстік Африканың газеті: «Британия әуе күштері 2019 жылы саудиялық әскерилер мен ұшқыштарға әскери жаттығу өткізді»,- деп жазды. «Daily Maverick» мәліметінше, 300-ден астам саудиялықтың Британия әуе күштерінің алты әскери орталығында әскери жаттығу өтіп, саудиялық ұшқыштар оқытылды. Санада орналасқан Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің басшылары сан рет саудиялық коалицияның оларға қарсы соғысын америкалық-британиялық-саудиялық әскери шабуыл деп тауып, араб емес күштердің Йеменге қарсы шабуылға қатысқандарын қуаттады. 2019 жылы АҚШ әскери күштерінің саудиялық күштерге кеңес беріп, мәліметтер тапсырғандары туралы видео таралды.  Сауд Арабиясы АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі  және басқа бірнеше елдің қолдауымен   2015 жылдың наурыз айынан Йеменге қарсы әскери шабуыл жасап, бұл елді қоршауға алды.